Добро пожаловать на официальный интернет-ресурс Бурабайского районного маслихата!
KZRU

Байланыс ақпараты

«Бурабай аудандық мәслихат аппараты» ММ
Индекс: 021700
Қала: Щучинск
Көше: Абылайхан 34/213
E-mail: burabay-maslihat@mail.ru
Телефон: 8 (71636) 7-91-06

Госпорталы

Egov

Кабинет налогоплательщика

Эталонный контрольный банк НПА

Информационно-правовая система НПА Әділет

Құрметті мырзалар мен ханымдар!

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихаттың ресми интернет-ресурсына қош келдіңіздер!

Сыңғырлап аққан мөлдір бұлағымен, иісі жұпар аңқыған бал қарағайы, күнмен шағылысқан айнакөлімен, аққулар сұңқылдаған сексен көлімен бұл күнде жер әлемге кеңінен танымал Жер жәннаты – Бурабай біздің аудан жерінде орналасқан.

Біз экономиканың және әлеуметтік саланың динамикалық дамыған, үлкен өзгерістер кезеңінде өмір сүрудеміз. Жыл сайын еліміздің әрбір азаматы лайықты өмір сүруіне және ертеңгі күнге деген сенімі артып келеді.

Біздің интернет-ресурсқа енушілермен жасалған достық қарым-қатынас болашақта жемісті болатынына сенімдіміз, ал біздің өзара байланысымыз ауданның табысты дамуының игілігіне қызмет етеді.

Құрметпен,
Бурабай аудандық
мәслихаттың хатшысы
Ө. Бейсенов
 
Объявление о конкурсе по избранию членов Общественного совета Бурабайского района вместо выбывших Басып шығару E-mail
05.01.2020

Согласно Закону Республики Казахстан от 2 ноября 2015 года «Об общественных советах» Рабочая группа по формированию Общественного совета Бурабайского района информирует, что с 5 января по 17 января 2020 года принимаются предложения, заявления по 2 кандидатам в состав Общественного совета Бурабайского района.

Одновременно сообщаем, что производится формирование списков наблюдателей, желающих принять участие в работе рабочей группы по формированию состава Общественного совета Бурабайского района.

Для участия в отборе в список наблюдателей, представители некоммерческих организаций и граждане в течение 10 дней, после опубликования объявления о конкурсе, направляют свои письменные предложения по кандидатурам в наблюдатели.

Документы принимаются от некоммерческих организаций и граждан в письменном виде в аппарате Бурабайского районного маслихата, ежедневно, кроме субботы и воскресенья, с 09.00 до 18.30 часов, перерыв с 13.00 до 14.30 часов, по адресу: г.Щучинск, ул.Аблайхана, 34, кабинет 213, а также на электронный адрес Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек , контактные телефоны 8 (71636) 42636; 4-24-96.

Кандидатуры в члены Общественного совета могут быть выдвинуты некоммерческими организациями, гражданами, в том числе путем самовыдвижения. Срок полномочий Общественного совета составляет три года. От одного юридического лица, являющегося некоммерческой организацией, в Общественный совет может быть избран только один представитель. Согласно статье 10 Закона РК «Об общественных советах» кандидатом в члены Общественного совета может быть гражданин РК, достигший восемнадцати лет, проживающий в пределах соответствующей административно-территориальной единицы.

Кандидат в члены Общественного совета не должен:

1) иметь судимость;

2) быть в установленном законом порядке признанным судом виновным в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения;

3) состоять на учете в организациях здравоохранения по поводу психического заболевания, алкоголизма, наркомании или токсикомании.

Для участия в конкурсе представляются:

1) письменное предложение некоммерческой организации и (или) заявление гражданина о выдвижении кандидатуры в состав Общественного совета;

2) сведения о профессиональной и (или) общественной деятельности кандидата с указанием автобиографических данных.

Кандидаты, не соответствующие требованиям, установленным в пункте 1 статьи 10 Закона РК «Об общественных советах» для избрания в общественные советы, к конкурсу не допускаются.

 
Мәслихат сессиясы

2019 жылдың 24 желтоқсанында Бурабай аудандық мәслихаттың № 11 сайлау округінің депутаты – Рахат Қайдауыловтың төрағалық етуімен алтыншы шақырылған Бурабай аудандық мәслихаттың LІІ-LІІІ сессиялары өтті.

Сессияларда келесі мәселелер бойынша шешімдер қаралды және қабылданды:

1. «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»;

2. «Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, Бурабай ауданының ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы»;

3.«Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С-50/2 «2016-2020 жылдарға арналған Бурабай ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасы туралы» шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы»;

4. «Бурабай аудандық мәслихат аппаратының 2020 жылға арналған құрылымы мен штаттық санын бекіту туралы»;

5. «Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы»;

6. «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіндегі негізгі мәселе туралы»;

7. «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы»;

8. «Бурабай аудандық мәслихат хатшысының 2019 жылға арналған есебі туралы». «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, Бурабай ауданының ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы» негізгі мәселелері мен «Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С-50/2 «2016-2020 жылдарға арналған Бурабай ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасы туралы» шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы» мәселесі бойынша Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тінәлинова Гүлбану Аймұранқызы баяндама жасады.

2020-2022 жылдарға арналған аудан бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, қолданыстағы нормативтік-құқытық актілерге, тұтыну бағаларының өсу индексіне сәйкес жоспарланған және аудан әкімінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № а-5/205 «Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының штат саны мен құрылымын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген дербес атқарушы органдардың штат санының лимитін ескере отырып жоспарланды.

2020 жылы аудандық бюджет кірістерінің түсімі 15091349,0 мың теңге сомада болжанады, трансферттер 12110775,0 мың теңгені құрады, соның ішінде субвенция 4125965,0 мың теңге, меншік кірістері 2980574,0 мың теңге, төмен тұрған бюджеттен алып қоюлар 151071,0 мың теңге, соның ішінде негізгі көздер бойынша: салықтық түсімдер негізгі үлесті немесе меншік кірісінде 95,3 %-ды құрайды, 2839131,0 мың теңге сомада түсімдер жоспарланып отыр, ал салықтық төлемдерде 58,0 %-ды әлеуметтік салық алып отыр;

2020 жылға арналған әлеуметтік салықтың болжамы 2019 жылдың жоспарына қарағанда 112,2 %-ға артумен 1647935,0 мың теңгені құрады.

Келер жылда меншікке салынатын салықтардың түсімі 940566,0 мың теңге сомада жоспарланған, 2019 жылға арналған жоспармен салыстырғанда өсу 71640,0 мың теңге. 2020 жылға арналған салықтық емес түсімдер ауданның коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті жалдау кірістері есебінен 24844,0 мың теңге сомада жобаланып отыр. 2020 жылға негізгі капиталдың түсім сомасы 116600,0 мың теңгеге болжанып отыр. Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер жоспары 98000,0 мың теңге сомада болжанып отыр. 2021-2022 жылдарға жоспарлы кезеңге кірістер келесі көлемдерде анықталды:

2021 жылы – 11441430,0 мың теңге, меншікті кіріс 3131400,0 мың теңге, субвенция 3794929,0 мың теңге, жоғары тұрған бюджеттің трансферттері 4136493,0 мың теңге, төмен тұрған бюджеттің трансферттері 349608,0 мың теңге;

2022 жылы – 8218149,0 мың теңге, меншікті кіріс 3280274,0 мың теңге, субвенция 3674673,0 мың теңге, жоғары тұрған бюджеттің трансферттері 8870350 мың теңге, төмен тұрған бюджеттің трансферттері 376167,0 мың теңге.

2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеттің шығындары жоспарланды:

2020 жылы – 15091349,0 мың теңге;

2021 жылы – 11441430,0 мың теңге;

2022 жылы – 8218149,0 мың теңге.

2020 жылға арналған аудан бюджеті бойынша шығындар облыстық бюджеттен жоспарланған трансферттер және субвенция есебімен 15091349,0 мың теңгені құрады, соның ішінде субвенция 4125965,0 мың теңге, трансферттер 12110775,0 мың теңге. Коммуналдық қызметттерге шығындар ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 01 қарашадағы № 1118 «Жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» Қаулысымен бекітілген шығындар нормасына сәйкес 2020 жылға қажеттілік есебімен қарастырылған.

Бюджеттің ағымдағы шығындардың жалпы көлемі 2019 жылдың 1 сәуірдегі базалық көрсеткішінен есептелген.

2020-2022 жылдарға арналған қала, ауыл, ауылдық округтердің бюджеттері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, қолданыстағы нормативтік-құқытық актілерге, тұтыну бағаларының өсу индексіне сәйкес жоспарланған және аудан әкімінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № а-5/205 «Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының штат саны мен құрылымын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген дербес атқарушы органдардың штат санының лимитін ескере отырып жоспарланды. 2020 жылы қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістерінің 535238,0 мың теңге сомасында түсуі болжануда.

2020-2022 жылдарға арналған қала, кент, ауылдық округтер бюджеттері бойынша шығындар жоспарланды:

2020 жылы – 535238,0 мың теңге;

2021 жылы – 712375,0 мың теңге;

2022 жылы – 738934,0 мың теңге.

2020 жылға қала, кент, ауылдық округтер бюджеттері бойынша шығындар аудандық бюджеттен жоспарланған субвенция есебімен 535238,0 мың теңгені құрады, соның ішінде аудандық бюджетке алулар 151071,0 мың теңге. Сонымен қатар, «Бурабай аудандық мәслихат хатшысының 2019 жылға арналған есебі туралы» мәселесі бойынша Бурабай аудандық мәслихат хатшысы Ө.Т. Бейсенов баяндама жасады.

Сессия соңында «Мәслихаттарға 25 жыл» мерейтой медальдарымен мәслихаттардың 25-жылдығына орай, жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқарудың дамуына қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі үшін:

3-4 шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Бурабай ауданының құрметті азаматы – Авдеюк Степан Акимович;

4-5 шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты –Исмағамбетов Асылбек Сайлаубекұлы;

Щучинск қаласының әкімі - Махметов Бекахмет Сабыржанұлы марапатталды.

Толығырақ...
 
Об итогах работы за 2019 год Басып шығару E-mail
24.12.2019

Завершился четвертый год работы местных представительных органов власти шестого созыва. Деятельность представительных органов проводится в режиме открытости и прозрачности. В их работе обязательно принимают участие не только руководители исполнительных органов, силовых структур, но и представители общественных объединений, неправительственных организаций и средств массовой информации. Подводя итоги 2019 года, можно сказать, что в центре внимания депутатского корпуса Бурабайского районы были вопросы, связанные с реализацией Послания Главы государства народу Казахстана и других программных документов, носящих стратегический характер. Сессия как основная форма деятельности местных представительных органов, занимает одно из основных мест в нашей работе.

За отчетный год районным маслихатом проведено 16 сессий, из них 4 очередных. Принято 97 решений. Среди них актуальными являются вопросы, связанные с развитием здравоохранения района, благоустройством населенных пунктов, развития агропромышленного комплекса, земельной сферы, переименование улиц, избрание членов территориальной и участковых избирательных комиссий, утверждение схем развития и застройки населенных пунктов района и многие другие.

Толығырақ...
 
К сведению депутатов Бурабайского районного маслихата и населения Басып шығару E-mail
13.12.2019

В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» 24 декабря 2019 года, в 15.00 часов состоится пятьдесят вторая сессия Бурабайского районного маслихата шестого созыва с повесткой дня: «О районном бюджете на 2020-2022 годы», «О бюджетах города Щучинска, поселка Бурабай и сельских округов Бурабайского района на 2020-2022 годы».

 
Сессия маслихата Басып шығару E-mail
11.12.2019

11 декабря 2019 года под председательством депутата Бурабайского районного маслихата от избирательного округа № 11 – Рахата Кайдаулова состоялась LІ (внеочередная) сессия Бурабайского районного маслихата шестого созыва.

На сессии рассмотрены и приняты решения по следующим вопросам:

1. «О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 24 декабря 2018 года № 6С-37/1 «О районном бюджете на 2019-2021 годы»;

2. «О присвоении звания «Почетный гражданин Бурабайского района»;

3. «Об утверждении персонального состава постоянно действующей межведомственной антитеррористической комиссии в Бурабайском районе».

На рассмотрение депутатам районной рабочей группой по присвоению звания «Почетный гражданин Бурабайского района» были выдвинуты кандидатуры троих граждан, кандидатуры которых депутаты единогласно поддержали.

Решением Бурабайского районного маслихата от 11 декабря 2019 года № 6С-51/2 звание «Почетный гражданин Бурабайского района» были присвоены:

1) Корябкину Владимиру Дмитриевичу;

2) Смагину Альберту Павловичу;

3) Ракишеву Булату Сабыровичу.

В завершение сессии юбилейными медалями «Мәслихаттарға 25 жыл» в связи с празнованием 25-летия маслихатов, заз начительный вклад в развитие местного самоуправления, активную гражданскую позицию были награждены сотрудники районного маслихата:

Ефименко Ольга Васильевна - руководитель аппарата Бурабайского районного маслихата;

Мажкеев Жасулан Сулейманович - руководитель отдела организационной работы аппарата Бурабайского районного маслихата.

 
2019 жылғы 18 қарашадағы конкурстық комиссияның шешімі Басып шығару E-mail
18.11.2019

Кандидат - Мажкеев Жасұлан Сулейманұлы конкурстық комиссияның оң қорытындысын алды және Бурабай аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру жұмыстары бөлімнің басшысы лауазымына қабылдануға ұсынылды.

 
Абылайхан ауылдық округінің әкімі және Бурабай кентінің әкімі лауазымдарына тіркелген тұлғалар жөніндегі ақпарат Басып шығару E-mail
13.11.2019

Абылайхан ауылдық округінің әкімі болып тіркелді:

Кубенов Женис Нурмияшевич, 1972 ж.т «Ақмола облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс басқармасы» КММ, комендант, Көкшетау қаласында тұрады.

Бурабай кентінің әкімі болып тіркелді:

Джалмуканов Сабыр Алимжанович, 1971 ж.т., «Біржан сал ауданының Заозерное ауылы әкімінің аппараты» ММ, ауыл әкімі, Степняк қаласында тұрады.

 
Конкурсқа қатысу үшін әңгімелесуге рұқсат етілген кандидаттардың тізімі Басып шығару E-mail
13.11.2019

2019 жылғы 15 қарашада сағ.16:00-де Бурабай аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурсқа қатысу үшін әңгімелесуге рұқсат етілген кандидаттардың тізімі:

Санаты «Е-3», Бурабай аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру жұмыстары бөлімнің басшысы лауазымына:

1. Мажкеев Жасұлан Сүлейманұлы.

 
2019 жылғы 12 қарашадағы конкурстық комиссияның шешімі Басып шығару E-mail
12.11.2019

Кандидат - Нұрмағамбетова Арайлым Өмірбекқызы конкурстық комиссияның оң қорытындысын алды және Бурабай аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру жұмыстары бөлімнің бас маманы (негізгі қызметкердің 3 жасқа дейін бала күтімі бойынша демалыс кезіне 13.07.2022 ж. дейін) лауазымына қабылдануға ұсынылды.

 
Жалпы конкурсқа қатысу үшін әңгімелесуге рұқсат етілген кандидаттардың тізімі Басып шығару E-mail
07.11.2019

2019 жылғы 11 қарашада сағ.17:00-де «Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысу үшін әңгімелесуге рұқсат етілген кандидаттардың тізімі:

Бурабай аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы лауазымына (негізгі қызметкердің 3 жасқа дейін бала күтімі бойынша демалыс кезіне 13.07.2022 ж. дейін) санаты «E-4»:

1. Нұрмағамбетова Арайлым Өмірбекқызы.

 
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс Басып шығару E-mail
07.11.2019

Ақмола облысы «Бурабай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі (индексі 021700, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі 34, кабинет 213, анықтама үшін телефон нөмірі: 8 (716-36) 4-26-36, электрондық мекенжайы: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ) Бурабай аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Бурабай аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру жұмыстары бөлімнің басшысы, санаты «Е-3», 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 112730 теңгеден 152017 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: персоналды басқару қызметіне жалпы басшылықты іске асыру, тиісті еңбек және орындау тәртіптерін қамтамасыз ету. Кадр іріктеу және орналастыруға байланысты жұмыстарды, мемлекеттік қызметті өткеру, кадрлық резервті тиімді толтыру мәселелерін бақылау, мемлекеттік қызметшілердің конкурстары мен аттестациялауды ұйымдастыру. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметшілердің деректер банкін талдау және құру. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге біліктілік талаптарын құру. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілдерін белгілеу бойынша комиссияның жұмысын ұйымдастыру және отырысын өткізу. Тәртіптік комиссияның отырысын ұйымдастыру және өткізу. Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазалардың есебін жүргізу. «Е-қызмет» жүйесінің жұмыс істеуін бақылау. Өкілетті орган алдында кадр мәселелері бойынша тұрақты есептілікті жүргізу. Еңбек қызметін растайтын жазбаларды енгізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білім беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес салаларындағы жоғарғы оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңға сәйкес, дербес білім беру ұйымында немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің болуы қажет: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Толығырақ...
 
Мәслихат сессиясының жалғасы Басып шығару E-mail
29.10.2019

2019 жылдың 29 қазанында Бурабай аудандық мәслихаттың № 11 сайлау округінің депутаты – Рахат Қайдауыловтың төрағалық етуімен алтыншы шақырылған Бурабай аудандық мәслихаттың ХLVІІІ (кезектен тыс) сессиясының жалғасы өтті.

Сессияда «Жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы» мәселеле қаралды. Депутаттармен Бурабай кентінде қоғамдық саябақ пен променад аймағын салуға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы 5 шарттардың жобаларына келісу бойынша шешім қабылданды.

 
«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс Басып шығару E-mail
28.10.2019

«Бурабай аудандық мәслихат аппараты» ММ (021700 индексі, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 34 үйі, 213 кабинет, анықтама үшін телефон нөмірі 8(71636) 42636, электрондық мекен-жайы: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ) «Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Бурабай аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 3 жасқа дейін бала күтімі бойынша демалыс кезіне 13.07.2022 ж. дейін) (санаты «E-4»), 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 100695 теңгеден 136443 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді аудандық мерзімді басылымдарда жариялау. Мәтіндердің мемлекеттік тілдегі түпнұсқасын қамтамасыз ету. Мәслихат сессияларына, тұрақты комиссиялардың отырыстары, кеңестер мен семинарларға дайындалу мен өткізу бойынша кешенді іс-шарларды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес салалары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Мынадай құзыреттердің болуы қажет: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Толығырақ...
 
График встреч кандидатов в акимы с выборщиками-депутатами Бурабайского районного маслихата Басып шығару E-mail
25.10.2019

Место проведения: г. Щучинск, ул. Абылайхана, 32, (малый зал заседаний районного акимата) 29.10.2019 года 15.30 часов.

 
День работников системы социальной защиты Басып шығару E-mail
25.10.2019

25 октября 2019 года районном Доме культуры в преддверии Дня социального работника прошло торжественное мероприятие. Секретарь Бурабайского районного маслихата - Утельбай Бейсенов поздравил всех присутствующих с профессиональным праздником, отметив, что работники социальной сферы представители благородной профессии, благодаря отзывчивости, милосердию и доброте заслужили большой авторитет в обществе.

В ходе мероприятия лучшие работники сферы социальной защиты были награждены грамотами и благодарственными письмами. Завершилось мероприятие праздничным концертом.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Бет 1 из 2

Счетчик посещений

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня252
mod_vvisit_counterВчера733
mod_vvisit_counterЭта неделя4468
mod_vvisit_counterПрошлая неделя6010
mod_vvisit_counterЭтот месяц14326
mod_vvisit_counterПрошлый месяц31932
mod_vvisit_counterВся статистика893830

Опрос

Знаете ли вы депутата районного маслихата от своего избирательного округа?