Добро пожаловать на официальный интернет-ресурс Бурабайского районного маслихата!
KZRU

Байланыс ақпараты

«Бурабай аудандық мәслихат аппараты» ММ
Индекс: 021700
Қала: Щучинск
Көше: Абылайхан 34/213
E-mail: burabay-maslihat@mail.ru
Телефон: 8 (71636) 7-91-06

Госпорталы

Egov

Кабинет налогоплательщика

Эталонный контрольный банк НПА

Информационно-правовая система НПА Әділет

Отан қорғаушылар күнімен құттықтау

Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.

Бұл күні біз қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.

Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтар, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Еліміздің әр азаматы бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда. Отан қорғаушылар күні Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесі.

Қымбатты жерлестер!

Бүгін ерекше күн. Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгілік пен игілік тілеймін. Ардагерлер мен жауынгерлеріміздің дені сау болып, сарбаздар мен қолбасшыларымыз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек те жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

Бурабай аудандық
мәслихаттың хатшысы
Ө. Бейсенов

 

Счетчик посещений

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня478
mod_vvisit_counterВчера811
mod_vvisit_counterЭта неделя478
mod_vvisit_counterПрошлая неделя5978
mod_vvisit_counterЭтот месяц10785
mod_vvisit_counterПрошлый месяц16147
mod_vvisit_counterВся статистика1081350

Опрос

Знаете ли вы депутата районного маслихата от своего избирательного округа?