Добро пожаловать на официальный интернет-ресурс Бурабайского районного маслихата!
KZRU

Контактные данные

ГУ «Аппарат Бурабайского районного маслихата»
Индекс: 021700
Город: Щучинск
Улица: Абылайхана 34/213
E-mail: burabay-maslihat@mail.ru
Телефон: 8 (71636) 7-91-06

20-летие маслихатов!

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы! | Печать |
11.09.2017

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның латынға көшуі жайлы жоспарына тоқталып, нақты тапсырмалар берген болатын.

Бұл заман талабынан туған шешім екеніне тоқталған Елбасы: «2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. 2025 жылға қарай іс-қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен шығара бастауға тиіспіз» деген еді.

Елбасының латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті және орынды. Себебі мемлекеттіміздің алдында тұрған басты мақсат халықаралық кеңістікке шығу. Әлемдегі дамыған елдерде және түркітілдес елдер осы қаріпті қолданады. Сондықтан әлем елдерімен тіл табысуда латын қарпінің атқаратын рөлі зор болып тұр.

Латын әліпбиінің лингвистикалық және қоғамдық маңызы зор. Қазіргі қолданыстағы әліпбиімізде 42 әріп бар. Оның ішінде қазақ тіліне тән емес, қажетсіз дыбыстар таңбасы көрсетілген. Бірінші сыныптың оқушысы үшін 42 әріпті үйрену қиыншылық тудыртады. Қолданыстағы кириллица жазуымен қазақтың төл дыбыстарын ұялы телефон, әлеуметтік желі және компьютерлік бағдарламаларда көрсету қиындық туғызуда. Ал латын әліпбиінің базасы қалыптасқан, әрі ауқымы кең. Ғылым мен техника тіліне төл дыбыстарымызды енгізу латын таңбалары арқылы өз шешімін табады.Сонымен қатар жаңа әліпбиде қазақ тілін тән емес дыбыстар алынып тасталып әліпбиде 25 әріп қана көрсетіледі.

Латын қарпі тек Қазақстандықтар үшін емес, сонымен қатар шет елде өмір сүретін қандас бауырларымыз үшін де маңызды іс. Себебі латын әліпбиі арқылы дүниежүзі қазақтары бір-бірімен қарым-қатынас жасауда ортақ әліпби арқылы түсініспеушілікке бой алдырмайды.

Қоғамда жаңа әліпбиге көшу өте көп қиыншылық тудыртады деген пікірлер кездеседі. Алайда бұл әліпби біздің халқымыз үшін таңсық емес. Себебі тарихымызға үңілсек 1929 жылдан 1940 жылдар аралығында қазақ халқы латын әліпбиін қолданған болатын.

Бүгінде біз өмір сүріп жатқан елімізді қуатты мемлекетке айналдыру үшін бірден бір септігін тигізетін, алғашқы бастамалардың бірі – әліпбидің ауысуы. Латын әліпбиіне көшу рухани жаңғыру идеологиясын іске асырудағы алғашқы оң қадамдардың бірі деуге болады. Ештеңеден қаймықпай саннан сапаға сөзден іске көшетін уақыт жетті.

Бурабай аудандық мәслихатының депутаты,
№7мектеп-лицейінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Рахимжанов Мейрамбек Құдайбергенұлы
 

Счетчик посещений

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня61
mod_vvisit_counterВчера931
mod_vvisit_counterЭта неделя61
mod_vvisit_counterПрошлая неделя5537
mod_vvisit_counterЭтот месяц11977
mod_vvisit_counterПрошлый месяц14955
mod_vvisit_counterВся статистика346425

Опрос

Знаете ли вы депутата районного маслихата от своего избирательного округа?