Добро пожаловать на официальный интернет-ресурс Бурабайского районного маслихата!
KZRU

Байланыс ақпараты

«Бурабай аудандық мәслихат аппараты» ММ
Индекс: 021700
Қала: Щучинск
Көше: Абылайхан 34/213
E-mail: burabay-maslihat@mail.ru
Телефон: 8 (71636) 7-91-06

Госпорталы

Egov

Кабинет налогоплательщика

Эталонный контрольный банк НПА

Информационно-правовая система НПА Әділет

Мәслихат сессиясы

2019 жылдың 24 желтоқсанында Бурабай аудандық мәслихаттың № 11 сайлау округінің депутаты – Рахат Қайдауыловтың төрағалық етуімен алтыншы шақырылған Бурабай аудандық мәслихаттың LІІ-LІІІ сессиялары өтті.

Сессияларда келесі мәселелер бойынша шешімдер қаралды және қабылданды:

1. «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»;

2. «Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, Бурабай ауданының ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы»;

3.«Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С-50/2 «2016-2020 жылдарға арналған Бурабай ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасы туралы» шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы»;

4. «Бурабай аудандық мәслихат аппаратының 2020 жылға арналған құрылымы мен штаттық санын бекіту туралы»;

5. «Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы»;

6. «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіндегі негізгі мәселе туралы»;

7. «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы»;

8. «Бурабай аудандық мәслихат хатшысының 2019 жылға арналған есебі туралы». «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, Бурабай ауданының ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы» негізгі мәселелері мен «Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С-50/2 «2016-2020 жылдарға арналған Бурабай ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасы туралы» шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы» мәселесі бойынша Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тінәлинова Гүлбану Аймұранқызы баяндама жасады.

2020-2022 жылдарға арналған аудан бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, қолданыстағы нормативтік-құқытық актілерге, тұтыну бағаларының өсу индексіне сәйкес жоспарланған және аудан әкімінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № а-5/205 «Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының штат саны мен құрылымын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген дербес атқарушы органдардың штат санының лимитін ескере отырып жоспарланды.

2020 жылы аудандық бюджет кірістерінің түсімі 15091349,0 мың теңге сомада болжанады, трансферттер 12110775,0 мың теңгені құрады, соның ішінде субвенция 4125965,0 мың теңге, меншік кірістері 2980574,0 мың теңге, төмен тұрған бюджеттен алып қоюлар 151071,0 мың теңге, соның ішінде негізгі көздер бойынша: салықтық түсімдер негізгі үлесті немесе меншік кірісінде 95,3 %-ды құрайды, 2839131,0 мың теңге сомада түсімдер жоспарланып отыр, ал салықтық төлемдерде 58,0 %-ды әлеуметтік салық алып отыр;

2020 жылға арналған әлеуметтік салықтың болжамы 2019 жылдың жоспарына қарағанда 112,2 %-ға артумен 1647935,0 мың теңгені құрады.

Келер жылда меншікке салынатын салықтардың түсімі 940566,0 мың теңге сомада жоспарланған, 2019 жылға арналған жоспармен салыстырғанда өсу 71640,0 мың теңге. 2020 жылға арналған салықтық емес түсімдер ауданның коммуналдық меншігінде тұрған мүлікті жалдау кірістері есебінен 24844,0 мың теңге сомада жобаланып отыр. 2020 жылға негізгі капиталдың түсім сомасы 116600,0 мың теңгеге болжанып отыр. Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер жоспары 98000,0 мың теңге сомада болжанып отыр. 2021-2022 жылдарға жоспарлы кезеңге кірістер келесі көлемдерде анықталды:

2021 жылы – 11441430,0 мың теңге, меншікті кіріс 3131400,0 мың теңге, субвенция 3794929,0 мың теңге, жоғары тұрған бюджеттің трансферттері 4136493,0 мың теңге, төмен тұрған бюджеттің трансферттері 349608,0 мың теңге;

2022 жылы – 8218149,0 мың теңге, меншікті кіріс 3280274,0 мың теңге, субвенция 3674673,0 мың теңге, жоғары тұрған бюджеттің трансферттері 8870350 мың теңге, төмен тұрған бюджеттің трансферттері 376167,0 мың теңге.

2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеттің шығындары жоспарланды:

2020 жылы – 15091349,0 мың теңге;

2021 жылы – 11441430,0 мың теңге;

2022 жылы – 8218149,0 мың теңге.

2020 жылға арналған аудан бюджеті бойынша шығындар облыстық бюджеттен жоспарланған трансферттер және субвенция есебімен 15091349,0 мың теңгені құрады, соның ішінде субвенция 4125965,0 мың теңге, трансферттер 12110775,0 мың теңге. Коммуналдық қызметттерге шығындар ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 01 қарашадағы № 1118 «Жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» Қаулысымен бекітілген шығындар нормасына сәйкес 2020 жылға қажеттілік есебімен қарастырылған.

Бюджеттің ағымдағы шығындардың жалпы көлемі 2019 жылдың 1 сәуірдегі базалық көрсеткішінен есептелген.

2020-2022 жылдарға арналған қала, ауыл, ауылдық округтердің бюджеттері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, қолданыстағы нормативтік-құқытық актілерге, тұтыну бағаларының өсу индексіне сәйкес жоспарланған және аудан әкімінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № а-5/205 «Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының штат саны мен құрылымын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген дербес атқарушы органдардың штат санының лимитін ескере отырып жоспарланды. 2020 жылы қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістерінің 535238,0 мың теңге сомасында түсуі болжануда.

2020-2022 жылдарға арналған қала, кент, ауылдық округтер бюджеттері бойынша шығындар жоспарланды:

2020 жылы – 535238,0 мың теңге;

2021 жылы – 712375,0 мың теңге;

2022 жылы – 738934,0 мың теңге.

2020 жылға қала, кент, ауылдық округтер бюджеттері бойынша шығындар аудандық бюджеттен жоспарланған субвенция есебімен 535238,0 мың теңгені құрады, соның ішінде аудандық бюджетке алулар 151071,0 мың теңге. Сонымен қатар, «Бурабай аудандық мәслихат хатшысының 2019 жылға арналған есебі туралы» мәселесі бойынша Бурабай аудандық мәслихат хатшысы Ө.Т. Бейсенов баяндама жасады.

Сессия соңында «Мәслихаттарға 25 жыл» мерейтой медальдарымен мәслихаттардың 25-жылдығына орай, жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқарудың дамуына қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі үшін:

3-4 шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Бурабай ауданының құрметті азаматы – Авдеюк Степан Акимович;

4-5 шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты –Исмағамбетов Асылбек Сайлаубекұлы;

Щучинск қаласының әкімі - Махметов Бекахмет Сабыржанұлы марапатталды.

 

Счетчик посещений

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterСегодня454
mod_vvisit_counterВчера811
mod_vvisit_counterЭта неделя454
mod_vvisit_counterПрошлая неделя5978
mod_vvisit_counterЭтот месяц10761
mod_vvisit_counterПрошлый месяц16147
mod_vvisit_counterВся статистика1081326

Опрос

Знаете ли вы депутата районного маслихата от своего избирательного округа?